Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті

Фотография - Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті

2013 жылы 20-22 наурыз аралығында Бейжіңнің «Житань» саябағында қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті

239 0

Қытайдағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті.

2013 жылы 20-22 наурыз аралығында Бейжіңнің «Житань» саябағында қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті. Бұл шара жетінші көктем мәдени фестивалі аясында өтті. Бейжің қаласының Чаоян әкімшілік ауданының шақыруы бойынша Аспанасты елінің астанасына ҚХР ШҰАА Іле-Қазақ автономдық облысының ән және би ансамблі келді.

Қатысушылар ҚХР Жазушылар қауымдастығының партиялық хатшысы Ақбар Мәжиттің өткен жылға тек санаулы қазақ диаспорасы арасында ғана тойланып келген Наурыз мейрамын ұйымдастыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Енді Наурыз Қытай астанасының тұрғындары мен қонақтарын қуантып, қазақ халқының бейнелі және төл дәстүрлі мәдениетімен таныстырады.

Наурызды тойлаудың алғашқы күні атақты «қара жорға» биімен ашылды. Үшінші соңғы күні фестивальдің жабылу құрметіне концерт қойылды. Іле-Қазақ автономдық облысының ән және би ансамблі 16 концерттік номірден тұратын бағдарлама дайындаған, онда қазақ халық билері, әндері, күйлері және домбырамен ойналатын атақты шығармалары және т.б. кірді.

Үш күн бойы қазақтың дәстүрлі қолөнер көрмесі жұмыс жасады, онда барлық қалаушылар бауырсақ, қазы-қарта және басқа ұлттық тағамдардан дәм татып, сонымен бірге қазақ халқының мәдени бейнесін бейнелейтін Шыңжаңнан әкелінген қолдан жасалған бұйымдарды сатып ала алды.

Сонымен бірге Бейжіңдегі Наурыз мейрамын тойлауға қазақстандық дипломаттар, ұлттық компаниялардың өкілдері және студенттер қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!