Мамыр айынан бастап Атырауда көлік кептелістері күтіледі

Фотография - Мамыр айынан бастап Атырауда көлік кептелістері күтіледі

Атырауда сәуір айының соңында Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтөбе және Атырау-Ақтау тас жолдары бойымен облыстық орталықты айналып өтетін барлық үлкен жүк көліктері енді қала көшелерімен қозғала бастайды

213 0

Атырауда сәуір айының соңында Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтөбе және Атырау-Ақтау тас жолдары бойымен облыстық орталықты айналып өтетін барлық үлкен жүк көліктері енді қала көшелерімен қозғала бастайды.

Бұл Привокзальный шағын ауданындағы теміржол жолөтпесін қайта жөндеуге байланысты болады. Қайта жөндеу жұмыстары кемінде 4 айға созылады.

Барлық үлкен жүк көліктері және жеңіл машиналар ағыны Бірлік қала маңы ауылына Говоров көшесі маңайына бағытталатын болады. Әрі қарай Мирный кенті арқылы Балықшы-Жұмыскер қала көпіріне және Авангард шағын ауданына өтеді. Құрманғазы және Авиатор көшелері бойымен олар Атырау-Астрахань және Атырау-Орал тас жолдарының қиылысына түсе алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!