Индонезияда Наурызға орай дастархан жайылды

Фотография - Индонезияда Наурызға орай дастархан жайылды

Алғаш рет Джакартада (Индонезия Республикасы) АСЕАН штаб-пәтерінің ғимаратында (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы) Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан елшіліктерінің бірлескен күшімен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы атап өтілді.

1179 0

Алғаш рет Джакартада (Индонезия Республикасы) АСЕАН штаб-пәтерінің ғимаратында (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы) Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан елшіліктерінің бірлескен күшімен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы атап өтілді.

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыз мейрамында министрліктер мен ведомстволарда жоғары қызметтегі тұлғалар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, бизнес-орта, жетекші БАҚ өкілдері, сонымен бірге индонезиялық астанада тіркелген дипломатиялық және халықаралық өкілдіктер басшылары болды.

Қонақтар назарына Қазақстанда Наурыз мейрамын қалай тойлайтыны жөнінде бейнефильм ұсынылды, шара қазақ халық әнімен сүйемелдеуімен өтті. Қазақстанға арналып бекітілген бұрышта еліміздің бас қаласы - Астанаға, Наурыз мейрамын тойлауға және біздің еліміздің жетістіктеріне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Фотокөрме қонақтары Қазақстанның жетістіктеріне және гүлденуіне тәнті болды.

В рамках мероприятия был организован традиционный дастархан с национальными казахскими блюдами, продемонстрирована национальная казахская одежда, что вызвало особый интерес среди гостей, которые также ознакомились с информационными материалами о нашей стране.

Шара аясында ұлттық қазақ тағамдары қойылған дәстүрлі дастархан ұйымдастырылды, біздің еліміз туралы ақпараттық материалдармен танысқан қонақтар қазақтың ұлттық киімдеріне ерекше қызығушылық танытты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!