Шымкентте оралмандар бүйректерін сатқалы жатыр

Фотография - Шымкентте оралмандар бүйректерін сатқалы жатыр

Шымкентте екі оралман өз бүйректерін саудаға қойды деп хабарлайды «Otyrar.kz» ақпарат порталы.

358 0

Шымкентте екі оралман өз бүйректерін саудаға қойды деп хабарлайды «Otyrar.kz» ақпарат порталы. Азаматтардың өз мүшелерін сатуға қаржының тапшылығы себеп болып отырған көрінеді.

Алты жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келген олардың, бүгінде жалдап тұрып жатқаны үшін төленуі тиіс пәтерақыларының пақыр тиыны да жоқ. «Қандай жұмыс болса да істеймін. Тіпті, тәулігіне 500 теңге төлесе де бас тартпаймын. Амалдың жоқтығынан осылай әрекет етуге мәжбүр болып отырмын. Сау бүйрегімді сатып болса да, балаларымды аш қалдырғым келмейді» дейді Бахтияр Юсупов.

Оралмандардың мәселесін шешіп береміз деп уәде еткен қала билігінің қазіргі әрекеті, тек құжатқа кеп тірелетіндей екен.

«Біз бұл отбасыларға қала шеңберінен жер бөлу үшін, ең алдымен толық құжаттарын жинауымыз керек. Содан кейін ғана басқа да мәселелерді кезең-кезеңмен шешетін боламыз» дейді Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков.

 


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!