Әкесіз жігіт Ұлттық гвардия қатарына алынбай келеді

Фотография - Әкесіз жігіт Ұлттық гвардия қатарына алынбай келеді

Жасыратыны жоқ, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының сапында сарбаз атану қаншама қаракөздің арманы.

175 0

Жасыратыны жоқ, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының сапында сарбаз атану қаншама қаракөздің арманы. «Ұлан» атанып, мемлекеттік рәміздерді қорғау, халықаралық деңгейдегі салтанатты шараларға қатысу, аса маңызды нысандарды күзету – нағыз патриоттарға артылатын міндет.

Демек, бүгінгі әскеріміздің «элиталық бөлімшесінің» сарбазы болу расында да қиынның қиыны. Тек, көптеген күрделі іріктеулерден іркілмей өткен жас жігіттер ғана «Қазақстан ұланы» атана алады. Алайда, еліміздегі тұрғындардың бірі «ұлымды Ұлттық гвардия қатарына әкесінің жоқтығы себебінен алмай отыр» деп шағымдануда. Мұндай арызын ол ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің атына жолдапты.

«Ұлттық гвардияға тек толыққанды отбасынан шыққан жастарды алатын жайт мені алаңдатып отыр.

Ұлымның әкесі жоқ, сондықтан оны қабылдамады. Әкесі бар жігіттер мен әкесі жоқ жігіттердің қандай айырмашылығы бар? Әскери бөлімге хабарласып сұрағанымда: «Олар Президенттің, жоғары шенді қонақтардың жанында болады» деген жауап алдым. Сонда менің перзентімнің жазығы не?» дейді жалғыз басты ана өз шағымында.

Оның айтуынша, ұлының «Ұланнан» өзге әскери бөлімдердің сапына алынуы мақұлданған көрінеді. «Заңда әскерге шақырылушының ата-анасы жалғыз басты және отбасында тағы бір сәби болған жағдайда ол әскери борышын өтеуден босатылады делінген. Демек, бір жерде заң жұмыс істейді де, екінші жерде бұл заңнан аттап өтіп жатыр. Әлде заң баршаға ортақ емес пе?» дейді Алмагүл есімді ел тұрғыны.

Министрдің бұл сұраққа не деп жауап беретіні белгісіз. Бәлкім жауап бермеуі де мүмкін. Өйткені, министрлер блогына келіп түскен сауалдардың біразының жауапсыз қалып кетіп жататыны бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!