Палодардың ТЖ қызметі қырағылық танытты

Фотография - Палодардың ТЖ қызметі қырағылық танытты

 Павлодарлық ТЖ және ТКШ қызметтері қала маңындағы Мойылды ауылында су тасқынына жол бермеді.

225 0

 Павлодарлық ТЖ және ТКШ қызметтері қала маңындағы Мойылды ауылында су тасқынына жол бермеді, деп мәлімдеді облыстық ТЖД бастығы Мылтықбай Айтжанов.

Мейрамның соңғы екі күні құтқарушылар және коммуналдық қызметкерлер шағын бөгеттер салып, судың бөгетті бұзып ауылға қарай ағатын жерлеріне құм салынған қаптар қойды. Кеше су қайта бастады, бірақ жағдай ТЖ мамандарының бақылауында қалады.

Болжам бойынша, көктемгі су ағыны қалалық ЖЭО күл үйіндісі жағынан келді. Талдау жүргізуге үлгілер алынды, нәтижесі апта соңында белгілі болады.

Аталған қызметтер қырағылыққа емтиханды ойдағыдай тапсырды, деп атап өтті әкімдіктің су тасқынына төтеп беру шаралары, егіске дайындық және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесінде аймақ басшысы Ерлан Арын.


Тегтер:

жол апаты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!