Павлодар облысындағы Мойылды елдімекені су астында қалуы мүмкін

Фотография - Павлодар облысындағы Мойылды елдімекені су астында қалуы мүмкін

Бес күннен бері өркениеттен қол үзген ауылда төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде.

247 0

Бес күннен бері өркениеттен қол үзген ауылда төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде. 

Тұрғындардың айтуынша, апат дәл мереке күндері болған. Ағынды су үйлерге дейін жеткен. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Десе де, апат орын алған жерге төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды. Себебі, үйлерді су алмағанымен, Мойылдыға апаратын жалғыз жол су астында қалған. Сөйтіп, республикалық маңызы бар трассадағы көлік қозғалысы қиындай түсті. Ал ауылдың шеті құм толы қаптардан жасалған дамбамен қоршалды. Әзірге судың қайдан келгені белгісіз. Өйткені, күн қар еритіндей жылынған жоқ. Ертіс өзені де бұл ауылдан шалғайда орналасқан. Қазір мамандар су көзін анықтап жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!