Әл-Фараби даңғылы мен Саин көшелерінде көлік қозғалысы ақылы болады

Фотография - Әл-Фараби даңғылы мен Саин көшелерінде көлік қозғалысы ақылы болады

Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов оңтүстік өңілерді дамыту жөнінде өткен кеңес барысында мәлімдеді. 

206 0

Алматы билігі қаланың кейбір көшелері мен даңғылдарындағы көлік қозғалысына ақылы жол жүйесін енгізбекші. Бұл туралы Алматы әкімі Ахметжан Есімов оңтүстік өңілерді дамыту жөнінде өткен кеңес барысында мәлімдеді. 

Қала әкімі ҚР Президентіне бүгінде танымал "EFKON" австриялық компаниясымен бірігіп, Әл-Фараби даңғылдары мен Саин көшелерінде көлік қозғалысын ақылы қылу туралы жобаны әзірлеп жатқанын айтты.


Жаңа жүйенің қашан енгізілетіні, жол ақысының қанша болатыны, Оңтүстік шаһардың басқа жолардарын да ақылы қылатын, қылмайтыны әзірге айқындалмай отыр.

Сондай-ақ, Есімов қаладағы көлік қозғалысының бүгінгі сызбасы(схема) жартығасыр бойы өзгертілмей, ескіріп қалғанын алға тартты. Сондықтан, жуық арада шетелдік мамандарды жаңа сызба нұсқасын дайындауға тарту мақсатында байқау ұйымдастырылмақшы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!