Елордалық полицейлер темекіге қарсы рейдтер өткізеді

Фотография - Елордалық полицейлер темекіге қарсы рейдтер өткізеді

Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері  «Темекі түтінінен азат Қазақстанды қолдаймыз»  ұлттық коалициясымен бірлесіп рейдтік шаралар өткізеді деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

872 0

«Шараның басты мақсаты– қоғамдық жерлерде темекі шегу туралы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеу  («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 159 бабы және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2013 жылғы 14 наурыздағы №6  «Қоғамдық жерлерде кальян тартуға тыйым салуды енгізу туралы» қаулысының талаптарын түсіндіру, сонымен қатар ұқсас бұзушылықтарды анықтау», - делінген полицияның хабарламасында.

Рейдтік шараларды өткізу кезінде полицейлер  белгіленбеген жерлерде темекі тартуға тыйым салады. Бұған қоса көңіл көтеру мекемелерінің әкімшілігімен, келушілерімен қоғамдық жерлерде темекі тартуға тыйым салу туралы әңгімелер тек темекі өнімдеріне ғана қатысты емес, сонымен қатар кальянға да қатысты жүргізілетін болады.

Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!