Павлодар облысында жеті елді мекенде үйлерді су басу қаупі төніп тұр

Фотография - Павлодар облысында жеті елді мекенде үйлерді су басу қаупі төніп тұр

 Павлодар облысының жеті елді мекенінде үйлерді су басу қаупі төніп тұр.

252 0

 Павлодар облысының жеті елді мекенінде үйлерді су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА-ға Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Ажар Әбілғазина.


Оның мәліметінше, ең күрделі жағдай Ақсу ауданында орын алған,  мұнда бес елді мекенде үйлерді су басу қаупі төніп тұр,олардың қатарында Ақсу қаласы,  Үштерек, Дөнентаев, М.Омаров атындағы ауыл және Алғабас ауылы бар.


Еріген су Павлодардың маңындағы Ленинский  кентіндегі және Павлодар ауданының Жамбыл (Березовка) ауылындағы  жекеменшік үйлерге қауіп төндіруде.


«Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық елді мекендерде қарды тазалау, суды бұру және сорып алу жұмыстарын жүргізуде», - деді агенттікке хабарлаушы.


Оның айтуынша, «облыста жағдай тұрақты, бақылауға алынған».


Тегтер:

павлодар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!