Жақында статистикалық мәліметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатын болады

Фотография - Жақында статистикалық мәліметтерді үйден шықпай-ақ алуға болатын болады

 Алдағы уақытта кез-келген статистикалық мәліметті әрбір азамат үйден шықпай-ақ ала алады

274 0

Еліміздің Статистика агенттігі «е-Статистика» ақпараттық жүйесін құру үстінде. Арнайы ақпараттық-талдамалы жүйеге барлық саланың өсу қарқыны мен төмендеу көрсеткіші енгізіледі. Мамандардың айтуынша, ондағы деректер дер кезінде жаңартылып, уақытымен толығып тұрады.

Жоба биыл күзде халыққа жол тартуы тиіс. Сонымен, «е-Статистика» дегеніміз не? Мамандар сөзімен айтсақ, бұл ақпараттық жүйе – ресми деректерді жинап қана қоймай, оларды өңдеп, халыққа тарататын жоба.

Еліміздегі барлық саланы қамтып, нақты статистикалық көрсеткіштерді ұсынатын жүйеге ғаламторға қосылған кез-келген қолданушы еш кедергісіз қол жеткізе алады. Бүгінде Статистика агенттігінің ресми сайтында ауқымды жобаның бірді-екілі құрамдас бөлігі қанатқақты жоба ретінде халыққа қызмет көрсетуде. Әсіресе, мына «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесі ресми мәлімет қажет болған жағдайда халыққа үлкен көмек болмақ. Мұнда еліміздегі барлық саланың өсу қарқыны мен төмендеу көрсеткіші айқын көрсетілген. Тіпті әр облысты жеке дара ашуға мүмкіндік бар.

Әр өңірдегі халық саны, жұмыссыздық деңгейі, жергілікті тұрғындардың баспанамен қамтамасыз етілуі деген сияқты маңызды мәліметтермен қоса, мұражайға келушілердің саны, лас заттардың ауаға шығарылу көлемі, тіпті, әр аймақтағы интернет пайдаланушылардың тығыздығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, ТМД елдері бойынша бұл жоба тек қазақ елінде ғана іске асуда.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!