Алматыда бір аптада 4 автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды

Фотография - Алматыда бір аптада 4 автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды

Бұл туралы Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасынан хабарлады

188 0

Өткен аптада қоғамдық көліктерді бақылау қызметі жолаушылар тасымалы саласында 125 рет ереже бұзылғанын анықтап, оның қорытындысы бойынша 4 автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды. Бұл туралы Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасынан хабарлады.

«Көбінесе билеттер бермеу, автобус салоныныда ақпараттық парақшаның болмауы, рұқсат етілмеген жерлерде жолаушыларды мінгізу жне түсіру сияқты ережелер бұзылған»,-деп жазылған хабарламада.

Тексерістер қорытындысы бойынша 4автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды.

Естеріңізге саламыз, 2012 жылдың 3 қыркүйегінде Алматыда жолаушылар көлігі басқармасының ұйымдастыруымен қоғамдық көліктерді бақылаушы мобильдік топтар жұмысқа кіріскен болатын.

Оның құрамында жолаушылар көлігі басқармасы мен тасымалдаушылар өкілдері бар. Мамандар күні бойы қалалық жолаушылар көлігін сырттан бақылап, жіберілген кемшіліктерді фото және бейнеге түсіріп отырады. Қазіргі кезде бақылау қызметтері жұмысын жалғастыруда, сонымен бірге олар тәртіп бұзушылар бойынша шешімдердің орындалу сапасын да тексереді.

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!