Тойға да салық салынады

Фотография - Тойға да салық салынады

Өйткені өмірдің өзі мәжбүр етіп отырған жағдайлар қатарында қазақтардың ұлан-асыр той өткізу рәсімдері де бар.

192 0

Сенімді дерек көздеріне қарағанда дүйсенбі күні қолданыстағы «Қазақстан Республикасы неке және отбасы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін көрінеді. Алдын ала алынған мәліметтерге сенер болсақ, жаңа баптардың бірқатары еліміздің тұрғындары үшін мүлде таңсық. Өйткені өмірдің өзі мәжбүр етіп отырған жағдайлар қатарында қазақтардың ұлан-асыр той өткізу рәсімдері де бар.

Мәселен, 9 баптың 7-бөлімі бойын­ша ендігі жерде құда түсіп, қыз ұзатудан бастап дүрілдетіп үйлену тойын өт­кізгеніңіз үшін мемлекетке салық тө­леуге тиістісіз. Жұмсалатын қаражат тек касса арқылы есептеліп, тойдан түскен табыстың 15 пайызын салық органдары­на тапсыруға міндеттісіз. Әрине, «мұны кім бақылайды, қадағалау қалай жүр­гізіледі?» деген сауал әркімді де ма­залайды. Бұл жөнінде түсініктеме берген Қаржы полициясының мамандары: «Рас, той-томалақ көбейді. Бұл ендігі жерде «Шілдехана», «Бесіктой» «Тілашар», «Сүндет той», «Мүшел той», «Сырға салу», «Күміс той», «Алтын той», «Гауһар той» және мерейтойларға да ортақ заң. Мұның барлығы құзырлы ор­гандардың назарынан тыс қалмай­ды. Тойға жұмсалған шығын көлемі 1 миллион теңгеден асқан жағдайда, той иесі қосымша құн салығын төлей­ді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне бірқатар жеңілдіктер қарастырылған» дейді.

Сонымен қатар «Неке және отбасы туралы» заңға некеге тұру туралы жаңа баптар енгізіледі. Айталық, жасы 20-ға толмай тұрмысқа шыққан қыздар зейнет жасына дейін барлық салықтан боса­тылады. Ал 25 жасқа дейін үй­ленбеген жігіттерге бойдақ салығы ретінде жала­қының 10 пайызын төлеу мін­деттеледі. Айт­пақшы, той-тома­ла­ғын шетелдерде өткізген азаматтарға айыппұл төлеу қарастырылған. Сырттан әншілер шақыруға тыйым салынады.

Жарты ғасыр тату-тәтті тұрған ша­ңырақтардың алтын және гауһар тойларын өткізуді мемлекет өз мойнына алады және сол тойларға қатысатын атақты әншілер тегін өнер көрсетуге міндетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!