Елордалық студенттер сот мәжілісіне шақырылуда

Фотография - Елордалық студенттер сот мәжілісіне шақырылуда

деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі

147 0

Елорданың Ішкі істер департаменті ұсақ бұзақылықтың алдын алу жағдайының тың шараларын ойластыруда. Тұңғыш рет қалалық жоғары оқу орнының қабырғасында сот мәжілісі өткізілгелі отыр, - деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қоғамдық тәртіпті бұзатындар мен адамгершілік ардан аттағандар үшін көшпелі сот мәжілісі өтуде. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес мұндай қылмыстарға есірткі заттарымен және психотроптық заттарды заңсыз сату мақсатында өндіру (320 бап) мен ұсақ бұзақылық (330 бап) жатады.

«Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары 10 118 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Олардың – 996-сы сотта қаралып, 122 заң бұзушы әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар, 874 адамға әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметі бойынша, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі көшпелі сот мәжілісіне осы оқу орнының 100-ге тарта студенті қатысуады деп жоспарланған.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!