Полицейлер соққыға жыққан еркін күрсетің әлем чемпионын қолдау шарасы өтпек

Фотография - Полицейлер соққыға жыққан еркін күрсетің әлем чемпионын қолдау шарасы өтпек

26 наурыз күні ақтөбелік белгілі спортшы Нұржан Қарабалин ауыр халде «Жедел жәрдем» арқылы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен

118 0

Ақтөбеде құқық қорғау органдарының қызметкерлері соққыға жыққан спортшы Нұржан Қарабалинге қолдау көрсету мақсатында бірқатар жергілікті белгілі азаматтар баспасөз мәслихатын өткізеді.

26 наурыз күні ақтөбелік белгілі спортшы 55 жасар Нұржан Қарабалин ауыр халде «Жедел жәрдем» арқылы облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

Нұржан Толыбайұлының өзінің айтуына қарағанда, 24 наурызда ауруханадағы туысына барып, үйіне қайтып бара жатқанда патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып құжат сұрайды. Құжаты болмаған спортшыны Ақтөбе қалалық ішкі істер бөлімі Зауыт полиция бөліміне жеткізген.

«Сол сәтте, яғни 14-17 сағат аралығында кезекші болып отырған бір майор мен бір капитан шенді полицейлер Нұржан Толыбайұлын ішке кірген бойда қолына кісен салады да, аяусыз ұрып-соғады», - деп жазады спорт сайты.

«Екі күн ес-түссіз жатқан ағамыз қатты азап тартып, өліп кете жаздайды. Басқа амалы қалмағасын дәрігерлер шақыртып, «Жедел жәрдем» көлігімен облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Бұл жердегі білікті дәрігерлердің көмегімен беті бері қарап, дәл қазір облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне ауысты», . дейді туыстары.

Н. Карабалин еркин курестен, әлем, Қазақстан және СССР чемпионын ұтқан спорт ардагенрі.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!