Теміртауда ашылуына премьер-министрдің өзі қатысқан балабақшаның қабырғасы опырылды

Фотография - Теміртауда ашылуына премьер-министрдің өзі қатысқан балабақшаның қабырғасы опырылды

Теміртау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа балабақшаның төбесінен суы ағып, қабырғасы қақырап мүшкіл жағдайға түскен

261 0

Теміртау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа балабақшаның төбесінен суы ағып, қабырғасы қақырап мүшкіл жағдайға түскен.

Тіпті, балалар жататын бөлмедегі бір қабырға күрт опырылып, бүлдіршіндерді басып қалу қаупі де туыпты. Балабақша ұжымы кілтипанды тізіп, Білім бөлімі мен құрлысшыларға хат жолдағандарын айтады. Алайда ғимаратты тұрғызғандар қисайған қабырға құлатылды, ал одан әрі бас жарып, көз шығатындай ештеме жоқ деп жайбарақат отыр.

Балабақшаны салтанатты түрде қазіргі премьер-министр Серік Ахметовтың Қарағанды облысы әкімі қызметінде болғанда ашты. Сол кезде нысанды тапсырған да, қабылдап алған жақ та шат шадыман еді. Бірақ бұл балабақша жұмысын бастағанан-ақ басы даудан арылмады.

Алғашында мұнда балалар бөлмесінде қона жатып жұмыс істеген заңсыз мигрантттар әшкереленсе, кейіннен балабақшаға баланы орналастыру үшін пара беру керек екен деген қауесет тарап, қаржы полициясының назарына іліккен. Енді ол аздай салынғанына 2-ақ жыл болғанына қарамастан өңі қашқан ғимарат ішіндегі бөлмеаралық қабырғалар қақырай бастады.

Ең кішкентай балалар тобына арналған бөлменің қабырғасы қазір жоқ. Оны жұмысшылар тып-типыл етіп бұзып, кірпішін шығарып тастаған.

Ғимараттың сыртқы келбетіне қарап, өткен жылдары салынды дегенге сырттан келгенді сендіру қиын. Қабырғалары жалаңаштанып, іргетасынан саңылау көрінген ғимарат төбесінен шелектеп аққан суды тасудан тәрбиешілер қажып біткен. Бірақ балабақшаны тұрғызған фирма өкілі түймедейді түйедей қылмаңдар дейді.

Балабақша ұжымы аты жаңа болғанмен заты шала ғимараттың қауіпсіздігіне сенбейді. Айтуыларынша, ата-ана наразылығын айтып директор білім бөліміне арызданса басшылық та мыңқ етпейді екен, құрлысшы да қыстырмайды.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!