Елордадағы бірқатар үйлерге жылу беру тоқтатылады

Фотография - Елордадағы бірқатар үйлерге жылу беру тоқтатылады

Жылу магистраліне сынақ жүргізілуіне байланысты елордада 3 сәуірде кейбір пәтерлерде суық және ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады

205 0

Жылу магистраліне сынақ жүргізілуіне байланысты елордада 3 сәуірде кейбір пәтерлерде суық және ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Астана-Теплотранзит» АҚ-қа сілтеме жасап.


«Астана-Теплотранзит» АҚ Астана қаласы тұрғындарының назарына 2013 жылдың 3 сәуірінен бастап ЖЭО-1 бақылауы бойынша 130°С температураға есептелген жылу магистральдерін сынақтан өткізу кезеңінде ұйғарымға сәйкес кәсіпорын мен мекеме басшылары, ПИК және ПИ төрағалары ыстық суды беруді тоқтауы қажет»,- делінген хабарламада.


Компанияда атап көрсетілгендей, сынақ Сарыарқа және Алматы аудандарында: Өндіріс,Күмісбеков, Ақбидай, Тайбурыл, Игілік, Шонанұлы, Қарасай батыр, Конституция, Біржан сал, Құтпанов, Есенберлин, Москва, Молдағұлова, Сарыбұлақ, Байсейітова, Бейсекова,Жангилдин, Сейфуллин, Бигелдинов, Кенесары, Желтоқсан, Ирченко, Әуезов, Бейбітшілік,Иманов, Иманбаева, Омаров, Уәлиханов, Аймауытов, Айманов, Дүкенұлы, Речная,Рамазан көшелерінде, Бөгенбай даңғылы, Тілендиев даңғылы, Абай даңғылы, Жеңіс даңғылы, Республика даңғылында жүргізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!