Алматыда танысу клубы ашылмақ

Фотография - Алматыда танысу клубы ашылмақ

Алматыда Love Story танысу клубы ашылғалы жатыр

789 0

Алматыда Love Story танысу клубы ашылғалы жатыр.

Love Story танысу клубы speed dating (тез тілтабысу – агент.ескертпесі) деп аталатын америкалық танысу форматының қазақстандық көшірмесі болып табылады. Алғашқы кездесу кешінің тақырыбы «Әдеби және кино кейіпкерлері – ғашықтар» деп аталады.

Клубта оның көмегіне жүгінген адам үшін шын ниетімен өз сыңарын кезігуді армандайтын жиырма адаммен танысу таңдауы беріледі. Алғашқы кездесуде қатысушылар Ромео мен Джульетта, Мастер мен Маргарита, Отелло мен Дездемона, Қыз Жібек пен Төлеген, Белла Суон мен Эдвад Калленнің және басқа да есімі аңызға айналған ғашықтардың образдарына еніп, бір-бірін сынай алады.

Клубтың екі негізгі шарты бар: кездесу кешіне міндетті түрде қыз жігітті, жігіт қызды ерте келуі керек. Ол сіздің досыңыз, құрбыңыз, жұмыстағы әріптесіңіз, ағаңыз, әпкеңіз, жай танысыңыз немесе т.б. адам болуы мүмкін, ең бастысы – оның өмірлік сыңары жоқ, жаңа қызықты таныстыққа дайын адам болуы шарт. Екінші талап – алдын ала тіркеліп, қатысу құнын 100% төлеу, оның көлемі – 7 мың теңге.

«Біз 3 сәуірде 30 бен 40 жас аралығындағы, ал 10 сәуірде 20 мен 30 жас аралығындағы адамдардың кездесу кешін ұйымдастырмақ едік, алайда белгіленген жас аралығындағы санат бойынша қатысушылар санының жеткіліксіздігінен 10 сәуірде барлық жастағы адамдардың біріккен кездесу кешін ұйымдастырамыз деп шештік», - дейді Аида Құрманлиева.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!