«Денсаулық» пойызы Жамбыл облысының елді мекендерін аралауда

Фотография - «Денсаулық» пойызы Жамбыл облысының елді мекендерін аралауда

Жамбыл облысында «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызы қызметіне кірісті

567 0

Жамбыл облысында «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызы қызметіне кірісті.

Бұл жайында өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Облысымыздың ниет білдірген барлық тұрғындарына 25 наурыздан бастап  «Денсаулық» емдеу-диагностикалық пойызы тегін медициналық көмек көрсетеді», - дейді ведомство өкілдері. - Оның қызметтерін «Шу» және «Луговое» стансыларының тұрғындары пайдаланып үлгерді. Бүгінде пойыз Тәтті және Қорағаты стансыларында жұмыс істеуде. Одан әрі, 4-20 сәуір аралығында медициналық пойыз Шу ауданына бет алып, бес стансыда аялдайды. Жамбыл өңіріндегі «Денсаулық» пойызының игі міндеті 20 сәуірде Қордай және Отар стансыларында аяқталады».

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бір аялдамада «Денсаулық» пойызының медициналық қызметтеріне орташа алғанда 300-ге жуық жамбылдық тұрғын жүгінеді. Облыста пойыз мамандарына медициналық көмек сұрап мыңнан астам тұрғын келді.

Жылдағы бастамаға «Қазақстан темір жолы» ҰК мұрындық болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!