Бас мүфти Германияның бас консулын қабылдады

Фотография - Бас мүфти Германияның бас консулын қабылдады

Михаэль Грау Бас мүфтиге сұхбаты үшін алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді

228 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Германияның Алматыдағы бас консулы Михаэль Грауды қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бас мүфти қонаққа қазақ даласына Ислам дінінің келу тарихын, елдегі діни ахуалды баяндап берді. Михаэль Грау Ержан қажы Малғажыұлын жаңа қызметімен құттықтады.

«Діни басқарма діни ағымдармен қалай күреспек?» - деген консулдың сауалына Бас мүфти: «Исламда зорлық жоқ. Құранда Алла тағала осылай деген. Біз өзгелерді күштеп дінге әкелмейміз немесе өз мәзһабымызды ұстануға мәжбүрлемейміз. Асыл дініміз Исламдағы дәстүрлі бағытымыз – Әбу Ханифа мәзһабы – демократиялық принциптерге негізделген жол. Ол – біздің дәстүрімізбен, салтымызбен біте қайнасып кеткен мәзһаб. Діни басқарманың дін саласындағы рөлі – бөлшектеу емес, біріктіру. Мұсылмандарды мүфтият төңірегіне топтастыру. Ауызбіршілікті арттыру. «Ірімейік, бірігейік» деген ұран тастап, ынтымаққа үндейміз. Мүфтият жазалаушы орган емес. Күштеу, мәжбүрлеу – дінімізге жат. Біз кез-келген дін өкілімен диалог жасауға мүдделіміз. Түсіндіру, насихат айту, үлгі болу – мақсатымыз. Ұр да жық мінез мұсылманға, дін өкіліне жараспайды», - деп жауап берді.

Михаэль Грау Бас мүфтиге сұхбаты үшін алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!