Серік Сәпиевтің құрметіне Астанада жанар-жағармай стансасы ашылды

Фотография - Серік Сәпиевтің құрметіне Астанада жанар-жағармай стансасы ашылды

Бұл туралы ҚМГ-нің баспасөз қызметі хабарлады

212 0

Астанада Вэл Баркер Кубогының иегері, Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің жетістіктерінің құрметіне «ҚазМұнайгаз» жанар-жағармай стансасының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ҚМГ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жаңа имидждік 313-ші жанар-жағармай стансасы «ҚазМұнайГаз» ЖЖС ретайлингі мен жаңғыртуы бойынша үлкен жұмысты жүргізу аясында салынды», - делінген ақпаратта.

Бұл «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ үшін отандық спортты қолдаудың ерекше бағыты болып табылады. Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бокс, дзюдо және теннис федерацияларына қолдау көрсетеді.

313 ЖЖС қаланың сол жағалауында, Сауран және Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысында орналасқан. Болашақта бұл ауданда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандары салынады.

ЖЖС заманауи құралдармен жабдықталған және бір уақытта 8 машинаға қызмет көрсете алады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!