ОҚО-да АХАЖ қызметкерлері бір отбасын 4 ұлтқа бөліп тастаған

Фотография - ОҚО-да АХАЖ қызметкерлері бір отбасын 4 ұлтқа бөліп тастаған

Малохат Буранованың ұлты қазақ, түркіменге тұрмысқа шыққан

203 0

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында бір отбасында бір емес төрт ұлттың өкілі тұрады. Әкесі түркімен, әйелі қазақ, ұлдарының бірі өзбек, бірі тәжік. Мұндай мүмкін емес масқаралыққа АХАЖ бөлімінің мамандары жол берген. Құзырлы мекеменің қателігі бір ғана бұл емес, олар оңтүстік сөзін қате жазып жіберген. Атажұртқа келгенде өгейлікті өзгеден емес, өз қандастарымыздан көрдік дейді оралман отбасы.

Малохат Буранованың ұлты қазақ, түркіменге тұрмысқа шыққан. Қазақстанға келген соң құжаттарын ауыстырған оларға ұлтын өзбек деп жазып беріпті. Әділет бөліміндегілердің бұл сорақылығы аздай отбасының жақында туылған ұлдарының туу туралы куәлігіне тәжік деп жазып жіберген.

Малохат Буранова: «Құжаттағы қателікті көре сал бірден мамандарға бардым. Көрсетсем, ештеңе етпейді, бастысы мөр мен қол қойылған деді. Тәжік деп жазылған сөзге мен дегенді қосты. Сонымен тәжікмен болды. Енді дұрысталды деді маған».

Бұл отбасында дүниеге келген алғашқы ұлдарының құжатында да қателік кеткен. Құзырлы орган өкілдері түркіменнің баласын өзбек деп жазып деп беріпті. Осылайша бір отбасында құжат бойынша төрт ұлттың өкілі тұрады. Салғырттықтың соңы бұл емес, оңтүстік сөзі оқтүстік деп терілген. АХАЖ бөліміндегілер құжаттағы қателіктер оралмандар келген жақтан о баста жіберілген деп құтылып отыр. Енді бұл мәселе соттың қарауымен ғана шешіледі дегенді айтады.

Ақмарал Сәметова, Сайрам аудандық АХАЖ бөлімінің бастығы: "Арызданушының күйеуі Түркіменстанда туылған. Өзі Тәжікстанда дүниеге келген.Сондыққтан біз ол жаққа сұраныс жібердік. Азаматшаға қатысты неке қию туралы куәліктің түбірі келді. Күйеуі жақтан келмеді. Дәлелдейтін құжаттар болмағандықтан заңға сәйкес азаматшаның арызын қабылдап, сотқа жібереміз".

Талай рет табалдырығын тоздырған аудандық сотта Малохат Буранованы қуана қарсы алған жоқ. Судья бос емес деп істі 8-ші сәуірге созғанын айтты. Бәрінен бұрын қателіктің кесірінен жанұя жәрдемақыдан қағылып отыр. Өзім деп келіп өгейлік көрген жанның қынжылатыны құзырлы органдар түсіндірудің орнына сарсаңға салып сандалтқаны.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!