Астанада 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылады

Фотография - Астанада 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылады

2013 жылдың 23 сәуірінде Конгресс Холлда қала әкімдігі ұйымдастырған сұранысты кәсіптер көрмесі – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

190 0

 2013 жылдың 23 сәуірінде Конгресс Холлда қала әкімдігі ұйымдастырған сұранысты кәсіптер көрмесі – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

«Сұранысты кәсіптер көрмесінде мектеп бітірушілер қаладағы ең сұранысқа ие мамандықтармен және оларды дайындайтын елорданың оқу орындарымен таныса алады. Көрмеге 30-дан астам кәсіп түрі қойылған. Оны оқушылар өз көздерімен көреді», - делінген хабарламада.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыссыздарға өздеріне лайықты жұмыстар табуға мүмкіндік беріп, жұмыс берушілерге жұмыс орындарын қажетті мамандармен толықтыруға жағдай жасайды. Ведомствоның мәліметі бойынша, бұл күні жұмыс іздеушілерге 1000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Сонымен қатар көрме-жәрмеңкеде оқу орындарын бітірушілерге алынған мамандық бойынша диплом қорғаудан кейінгі ақылы тәжірибеден («Жастар тәжірибесі») өту ұсынылады. Халықтың әлеуметтік жағынан төмен қамтылған топтарында қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде әлеуметтік жұмыс орындарын табуына мүмкіндік жасайды.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!