Жеңіл рельсті көлік Астананың негізгі жол жүйесіне айналады

Фотография - Жеңіл рельсті көлік Астананың негізгі жол жүйесіне айналады

Бұл туралы қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады

267 0

KSPMC (Kazakh Systra Projekt Management Consortium) консорциумы Астанада жүрдек жеңіл рельсті көлік (ЖЖК) жүйесін құру жобасын басқаратын консультант болып таңдалды. Бұл туралы қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

«KSPMC-пен сәйкес келісімге 2013 жылғы 30 наурызда Астана әкімдігінде қол қойылды. «Бұл келісімге Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобаларын басқару мәселелері бойынша қызметтер – 1-ші кезекте» байқауының нәтижелері бойынша қол қойылды», - делінген ақпаратта.

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасына сәйкес, ЖЖК Қазақстан астанасының көлік жүйесінің негізі болады және қаланың қоғамдық көліктерінің барлық түрлерін біріктіреді. Ол жоспарланып отырған BRT жүрдек автобус жүйесі мен ITS интеллектуалдық көлік жүйесімен байланысты болады.

ЖЖК жүйесі Астана қаласының климаттық жағдайларына толығымен бейімделеді және заманауи дабыл беру, ақпарат тарату, байланыс және жолақыны электрондық жолмен төлеумен қамтамасыз етіледі.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!