Қазақстанға Украинадан 16 заманауи плацкартты вагон әкелінді

Фотография - Қазақстанға Украинадан 16 заманауи плацкартты вагон әкелінді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жылжымалы құрамның техникалық ресурсын жаңарту және нығайту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанға «Крюков вагон құрылысы зауыты» (Украина) шығарған 16 плацкартты вагон келіп жетті

205 0

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жылжымалы құрамның техникалық ресурсын жаңарту және нығайту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанға «Крюков вагон құрылысы зауыты» (Украина) шығарған 16 плацкартты вагон келіп жетті.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Вагондарды «Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» АҚ («Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес компаниясы) сатып алды.

Аталмыш вагондармен «Маңғышлақ-Астана» бағытындағы №037/038 пойызының құрамы жаңартылатын болады.

Жайлылықтың барлық талаптарына жауап беретін вагондар қазіргі қолданыстағы плацкартты вагондардан заманауи интерьерімен ерекшеленеді, олар суға арналған диспенсермен, тоңазытқышпен, ауа баптау және радио тарату жүйесімен, жолаушыларға арналған ақпараттық тақтамен және биодәретханамен жабдықталған.

Сондай-ақ, «Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы» АҚ мен зауыт арасында әрекет ететін шарт шеңберінде үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында елімізге қосымша 23 вагон келіп жетеді деп күтілуде.

Айта кету керек, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы маусымға дейін жолаушылар тасымалына деген сұранысты қамтамасыз етуге компанияның құлшынысын қамтамасыз ету мақсатында жылжымалы құрамның техникалық


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!