Қырғызстанның нөмірімен жүрген 20 автокөлік ел аумағынан шығарылды

Фотография - Қырғызстанның нөмірімен жүрген 20 автокөлік ел аумағынан шығарылды

Бүгін Алматы қаласының кедендік бақылау департаменті кеден заңнамасын бұзу фактісі бойынша құрықталған Қырғызстанның  20 автокөлігін  Қазақстан аумағынан шығару шарасын өткізді

151 0

Бүгін Алматы қаласының кедендік бақылау департаменті кеден заңнамасын бұзу фактісі бойынша құрықталған Қырғызстанның  20 автокөлігін  Қазақстан аумағынан шығару шарасын өткізді.

   Бұл Кеден одағының кедендік шекарасында Қырғызстаннан әкелінген автокөлік құралдарының пайдалану құқығының заңдылығын анықтау үшін жүргізілген жедел-алдын алу шараларының  аясында жүзеге асты. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін Кеден одағы аймағынан Қырғызстан нөмірімен жүрген барлығы 105 автокөлік шығарылған. Қазіргі уақытта сот органында шамамен 35 материал қаралуда.

Еске салар болсақ,  Қазақстан заңына сәйкес рөлі оң жақта орналасқан автокөліктер  Жол полициясы басқармасында (ЖПБ) тіркеуге алынбайды және оларды ел аумағына алып келуге тиым салынған.

Жыл басынан бастап Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментіне  ЖПБ-дан ақылы тұрақта тұрған автокөліктерге қатысты 165 материал келіп түскен. Қазіргі уақытта кеден заңдарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 1-ші бөлімінің 430-шы бабына сәйкес сотқа  156 материал жолданып отыр. Оның ішінде 121 әкімшілік іс бойынша жалпы сомасы1 466 157 теңге айыппұл қарастырылуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!