Астанада жыл соңына дейін бірқатар балабақшаның құрылысын бастау жоспарлануда

Фотография - Астанада жыл соңына дейін бірқатар балабақшаның құрылысын бастау жоспарлануда

Астана қарқынды дамып келе жатқан қала. Жыл сайын елорда халқы ондаған мың адамға өсіп отырады

207 0

Астана қарқынды дамып келе жатқан қала. Жыл сайын елорда халқы ондаған мың адамға өсіп отырады.

Соған сәйкес халықтың мектеп пен балабақшаларға, басқа да әлеуметтік маңызды нысандарға қажеттілігі өсуде. 

Бүгінгі күні қалада балабақша кезегінде 70 мыңға тарта бала тұр. Осыған байланысты қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелер құрылысын салып, бұрынғыларын кеңейту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізуде. 

2013 жылдың басынан бері елордада 480 орындық 2 балабақша құрылысы басталды. Биылғы жылы тағы да 1540 орындық 7 балабақша тұрғызу жоспарлануда. Сонымен қатар Күйгенжар ауылында бұрынғы мектептің ғимаратын 100 орындық балабақшаға ыңғайлап, жаңарту ұйғарылған. Бұл туралы  astana.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасынан мәлім етті.

Бұдан бөлек, ведомствоның ақпараты бойынша, қалада 1920 орындық 8 балабақша құрылысы жалғасуда. 

Биылғы жылы Есіл ауданында Алматы, Ақмешіт көшелерінің қиылысында, Сауран мен №24 көшеде және Сығанақ пен Орынбор, сондай-ақ №36 көшелер қиылысында  960 орындық 4 балабақша салыну үстінде. 

Алматы ауданында да биылғы жылы 520 орындық екі балабақша Интернациональный кентіндегі Дауылпаз-Ақыртас көшелерінде аяқталуы жоспарланған.  

Сондай-ақ, биылғы жылы 440 орындық тағы 2 балабақша құрылысын Сарыарқа ауданының Сейфуллин көшесі мен Көктал-2 тұрғын үй алабында аяқтау көзделген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!