Қарағанды облыстық жедел жәрдем қызметі 15 көлікпен толықты

Фотография - Қарағанды облыстық жедел жәрдем қызметі 15 көлікпен толықты

Қарағанды облыстық жедел жәрдем қызметіне су жаңа «Hyundai»  мамандандырылған көліктердің кілттері табысталды

253 0

Қарағанды облыстық жедел жәрдем қызметіне су жаңа «Hyundai»  мамандандырылған көліктердің кілттері табысталды.

«Жергілікті билік өкілдері Елбасының тапсырмасын орындай отыра денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту жолында аянбай тер төгуде. Жылда аталмыш мақсатқа қазынадан қомақты қаржы бөлінеді.  Жалпы істен әлеуметтік жауапкершілігін түйсінген кәсіпкерлер де сырт қалмай отыр. Облыстық әкімдік пен «Қазақмыс» корпорациясының арасында мақұлданған әлеуметтік әріптестік меморандумына сәйкес жедел жәрдем қызметінің көлік паркі тағы 15 темір тұлпармен толықты», - деді қаланың Тәуелсіздік алаңында өткен салтанатты жиында Қарағанды өңірінің басшысы Бауыржан Әбдішев.

Облыс әкімі аталмыш шараның Бүкіләлемдік денсаулық күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Өңір басшысы 5 жыл бұрын «Қазақмыс» корпорациясы аймаққа 36 санитарлық көлікті тарту еткенін еске салды.

15 темір тұлпар  Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш жедел жәрдем стансаларына берілді. «Қарағанды бойынша мамандар санитарлық көліктермен толық қамтылды. Облыстың кей аудандарында әлі де жетіспеушілік сезіліп отыр. Биылғы жылы ел қазынасы есебінен Денсаулық сақтау министрлігі арқылы өңірге жедел жәрдем қызметі үшін 12 көлік жеткізілмек», - деп баяндады осы мәселеге орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Төлеген Сәдуақасов.

«Қазақмыс» кәсіпорны жедел жәрдем көліктеріне 73 млн. теңге қаражат бөлген екен. Мамандырылған темір тұлпарлар оттекті цилиндрмен, элект желдеткіштермен, тасымалданатын жарықпен, сұйықтық  ұстағыштармен қамтылған.

«Биылғы жылы біздің кәсіпорын қосымша 50 млн. теңгені Жезқазған мен Қарағандыдағы перзентханаларға арналған медициналық құрал-жабдықтарға бөледі», - деп мәлімдеді «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС корпоративті және әлеуметтік жауапкершілік бойынша директор Сергей Ершов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!