Өскеменде металлургтердің мәдениет сарайы қалпына келтіріледі

Фотография - Өскеменде металлургтердің мәдениет сарайы қалпына келтіріледі

Өскемендегі елді тартар нысандардың бірі Металлургтердің мәдениет сарайы жаңа кейіпке енбек.

252 0

Өскемендегі елді тартар нысандардың бірі Металлургтердің мәдениет сарайы жаңа кейіпке енбек.

Бұл туралы жақында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Бүгін қайта қалпына келтіру жұмыстарының алдында мәдениет ордасында соңғы бұқаралық  концерт өтіп жатыр. Оны «Туған ел - алтын бесігім» акциясының шеңберінде Денсаулық сақтау және Сәулет басқармаларының мамандары ұйымдастырды.

Айта кеткен абзал, «әлеуметтік классицизм» түріндегі сәулет ескерткіші ұзақ жылдар бойы жеке меншікте еді.

Тек жақын арада көпке созылған сот отырыстарының арқасында нысан мемлекеттің иелігіне өтті. Бүгінде мәдениет сарайының ахуалы мәз емес. Су өткізу әрі кәріз жүйелерін ауыстыру, шатырды жөндеп, ішкі әрлеу жұмыстарын тындыру міндеті тұр.

Облыстық әкімдіктің дерегіне сүйенсек, сәуір айының соңында ММС айналасындағы тұрғын үйлердің қас беті ажарлана түспек.

Мәдениет сарайындағы үйірмелер мен студиялар құрылыс жұмысына орай бірден жабылмайды. Балалар жазғы демалыстарға дейін өнерлерін шыңдай алатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!