АҚШ саяхатшысы Маңғыстауға жаяу жүріп жеткен

Фотография - АҚШ саяхатшысы Маңғыстауға жаяу жүріп жеткен

АҚШ тұрғыны әлемді айналу саяхатында Ақтау қаласына келіп жетті

212 0

АҚШ тұрғыны әлемді айналу саяхатында Ақтау қаласына келіп жетті. . 

Ақтау журналистерінің хабарлауынша, 23 жасар Эндрю Сиес АҚШ-тан Ақтауға дейін жаяу жүріп келіпті. Жас жігіт саяхатын 22 жасында бастапты. Енді 26 жасқа қараған тұсында сапарын аяқтамақ ниетте екен. Эндрю 19 жасында велосипедпен 20 мың миля жүріп өтіп, Сант-Поладан Аргентинаның оңтүстігіндегі Ушуайяға дейін барып, кейін қайтқан екен. Сондай-ақ, 21 жасында каноэмен Миссисипи өзені арқылы Жаңа Орлеанға дейін сапар шегіпті мыс.

Бұл жолы жігіт Америкадан Италияға жетуді көздепті. Көздеген жеріне Эндрю жүк кемесі арқылы жеткен. Саяхатшы Италияда біршама уақыт жұмыс істеп, кейін жаяу саяхат жасауға аттанған көрінеді.

«Италиядан Бакуге дейін жаяу жүріп өттім. Неліктен жаяу дейсіз ғой? Себебі, бұған дейін велосипедпен саяхаттаған едім. Ендігі ретте көліксіз-ақ, әлемді жаяу шарлап өтуді алдыма мақсат еттім. Өзге елдің адамдарын көріп, олардың салт-дәстүрлерімен танысуды бұрыннан армандаған болатынмын»,-деп отыр Эндрю.

Америкалық азамат саяхаты қызықтарының барлығын қойын дәптеріне түсіріп, көрген-білгендерін бүге-шүгесіне дейін жазып алып жүргенін айтты. Үйіне оралған соң, саяхаты туралы қызықты әңгіме жазып, кітап шығармақшы екенін де жасырмады.

Ақтау тұрғындары да жас саяхатшыны бесбармаққа тойдырып, шубат, қымыз беріп, қонақжайлық танытқан көрінеді.


Тегтер:

саяхат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!