Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағалауындағы үйлер бұзылмақ

Фотография - Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағалауындағы үйлер бұзылмақ

Шымкентте жер дауы ушығып тұр. Қаланың ортасынан бастау алатын Қошқар ата өзеніне облыстық әкімдіктің Қаулысымен «ерекше қорғалатын аймақ» деген мәртебе берілген болатын

606 0

Шымкентте жер дауы ушығып тұр. Қаланың ортасынан бастау алатын Қошқар ата өзеніне облыстық әкімдіктің Қаулысымен «ерекше қорғалатын аймақ» деген мәртебе берілген болатын.

Осыған орай өзен жағалауындағы бірқатар үйлер бұзылып, орны көпшілік демалатын тарихи-мәдени орталыққа айналмақ. Алайда жерлері қара тізімге ілінген тұрғындар мүліктеріміз үшін төленіп жатқан өтемақы тым аз, қала берді, бізді көшуге мәжбүрлеп отыр дейді.

«Үйлеріңіз бұзылады» деген бір жапырақ ескерту қағазын алғалы бері ұйқы жоқ дейді, көпбалалы ана Айжан Жолбарысова. Қайда барарын білмей отырып, есі шығып отырған ана салынып бітпеген үйінде 7 адамның тұратындығын айтады.

Айжан ЖОЛБАРЫСОВА, қала тұрғыны:

- Баратын жеріміз жоқ, артық тауып жатқан ақшамыз жоқ. Күнімізді әзер көріп отырмыз. Далада жатып осы үйді салдық. Қанша ақшамыз кетті, әлі жамап жатырмыз. Тапқанымызыды осыған салып жатырмыз.

Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі аймақ бірінші кезекте ретке келтірілмек. Осы аумаққа орналасқан жалпы 158 үй бұзылады. Оның 111-не бағалау жүргізілген. Алайда тұрғындар мүліктері үшін беріліп жатқан өтемақымен келіспейді. Себебі азын-аулақ ақшаға қаланың сыртынан да жер алуға мүмкіншілік жоқ екендігін алға тартады.

Айжамал САДЫРОВА, қала тұрғыны:

- 23-30 мыңға қазір ештеңе келмейді. Арзан жерлер тіпті алыс. Оған су, газ, жол, балаларға мектеп керек емес пе? Біздің әр шаршы метрмізге тиісті бағасын берсін. Егер бермесе, біз оған көнбейміз. Міне мына жиылған жұрттың бірауыздан айтар сөзі осы.

Ал қала басшылығы керісінше біз тұрғындарға барлық жағдайды жасап жатырмыз, жер телімі кезінде тегін берілген. Осыған қарамай біз олардан мемлекеттік мұқтаждық үшін болса да әр шаршы метрін кем дегенде 1270 теңгеден сатып алып жатырмыз, дейді.

Бақытжан ӘШІРБЕКОВ, қала әкімінің орынбасары:

- Бағалаушы мекеме сол үйлердің жер телімін, үйдің қандай құрылыс материалымен салынғанын, үй іргелік жерлердегі қандай екпелер бар соның бәрін ескеріп, отырып жүргізуде. 200 шаршы метр жердегі үйлер де бар ол жерде. Сондықтан оның бағасы да көп болмайды. Егер ол кісілер бағаға келіспесе, мүлік иесі сотқа барып, шағымдануларына құқы бар.

Жергілікті әкімдіктегілер қалай болғанда да жыл соңына дейін Шымкент шаһарының негізі қаланған Қошқар ата өзенінің жағалауын демалыс аймағына айналдыруымыз тиіс деп отыр.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!