Алматыда ауадағы зиянды заттардың 80 пайызы көліктерден

Фотография - Алматыда ауадағы зиянды заттардың 80 пайызы көліктерден

Алматыда ауаға таралатын зиянды заттардың 82 пайызы көліктерден шығады

207 0

Бүгін Алматы әкімдігінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Көлік және коммуникация министрлігі әзірлеген «Қазақстанның көліктік инфрақұрлымын 2020 жылға дейінгі дамыту» бағдарламасы жобасының қоғамдық тыңдауы өтті.

Онда қала әкімі Ахметжан Есімов 2013 жыл Алматыда Қоғамдық көлік жылы деп жарияланғанын атап өтті. 

«Алматыда ауаға таралатын зиянды заттардың 82 пайызы көліктерден шығады. Жаз кезінде ол 90 пайыздан асады. Сондықтан біз бұл мәселеге қатысты бірқатар жәйттар мемлекеттік бағдарламада қамтылса екен дейміз», - деді А.Есімов.

Қала басшысының айтуынша, экологиялық жағынан қауіпсіз көліктерді дамыту үшін газ бен электр энергиясының бағасы субсидиялануы керек. Шаһардағы қоғамдық көліктердің қызмет сапасын арттыру мақсатында муниципалды автопарктер құрылуда. Еуропа қайта құру және даму банкінен 200 автобус сатып алынған алғашқы заемды қайтару мерзімінен бұрын жүзеге асып жатқандықтан, әкімдік автобус паркін осындай тағы 200 қоғамдық көлікпен толықтыру үшін қарыз алып отыр. Сондай-ақ 200 автобус жергілікті бюджет қаржысына сатып алынды. Қаладағы 1800 автобустың 600-і енді мемлекеттік автопарктердің үлесінде. Бұдан бөлек, биыл троллейбус  паркі 20,5 есе  ұлғайып отыр. Мемлекет қоғамдық көліктердің стандартын жасап, бәсекелестік тудыру  арқылы, жекеменшік көлік компанияларының қызметіне тың серпіліс беруде.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!