ҰОС ардагерлері жыл соңына дейін пойыздарда тегін жүреді

Фотография - ҰОС ардагерлері жыл соңына дейін пойыздарда тегін жүреді

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерейтойына орай 2013 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру бойынша дәстүрлі акцияны өткізуде

192 0

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерейтойына орай 2013 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жолаушылар пойыздарында тегін жол жүру бойынша дәстүрлі акцияны өткізуде.

«Мерекелік акция аясында ҰОС ардагерлері Қазақстан Республикасы мен ТМД аумағында темір жол көліктерінде тегін жүре алады. Ардагерлер «Тальго» зауыты шығарған вагондардан құралған пойыздардан бөлек, жолаушылар пойыздарының барлық санаттары мен бағыттарында, сонымен қатар қалааралық пойыздарда купелік вагондармен жүру мүмкіндігіне ие», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Акцияны өткізу туралы қажетті ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол кассалары мен тәулік бойы жұмыс істейтін «105» анықтама телефонынан алуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!