Шымкентте қайыршылық кәсібі өркендеп тұр

Фотография - Шымкентте қайыршылық кәсібі өркендеп тұр

Көпшілігі тура жұмысқа шыққандай күні бойы қаршылық етіп, тапқан тиын-тебенін иесіне апарып береді

231 0

Шымкентте қайыршылар қаптап барады. Алақан жайып, күн көретіндерден мұнда аяқ алып жүру қиын. Мұны ескерген тәртіп сақшылары қаланы қайыршылардан тазартуға кірісті.

Шымкентте қайыршының түр-түрін көресіз. Бірі шын мәнінде жоқшылықтың зардабын тартса, бірі бір жұтым араққа тиын жинап жүр. Ал кейбіреулері мұны кәсіпке айналдырған. Соңғы кездері оларға сығандар да көптеп қосылып жатыр.

Полицей көлігінің қала орталығын бір айналым жасауы жеткілікті екен, автобус іші әп-сәтте лық толды. Әрқайсысының тағдыры әрқилы болғанымен, барлығының бірдей құжаты жоқ.

Көпшілігі тура жұмысқа шыққандай күні бойы қаршылық етіп, тапқан тиын-тебенін иесіне апарып береді. Алайда, бұл жолы қайыршылар иелеріне жете алған жоқ, жарты жолдан оларды арбасымен қосып полицейлер әкетті. Елімізде қайыршыларға арналған заң болмағандықтан, мұндай жандарға ешқандай жаза қолдана алмайтыны белгілі. Тәртіп сақшылары оларды тек есепке алумен ғана шектеліп отыр.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!