Қазақстанда қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 700 мыңнан асады

Фотография - Қазақстанда қант диабетімен ауыратын адамдардың саны 700 мыңнан асады

Қазақстанда ресми емес мәліметтер бойынша, 700 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады

341 0

Қазақстанда ресми емес мәліметтер бойынша, 700 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады. Бұл жөнінде бүгін баспасөз мәслихатында диабетика қауымдастығының президенті Лейла Жұбандықова мәлім етті.

«Бүгінгі күні біздің есебіміз бойынша, қант диабетімен 700 мыңнан астам адам ауырады. Ресми түрде науқастардың саны әлдеқайда аз. 2012 жылы қант диабетіне шалдыққандардың өсімі 20 мың шамасында болды. Халықтың медицина саласындағы сауатсыздығына байланысты, қант диабетімен ауыратындардың нақты саны жоқ. Адамдар уақытында дәрігерге қаралмайды, ал мұның салдары ауыр. Бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады», - деді Жұбандықова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 366 млн. адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл дерттен болатын өлім-жітім үлкен. Диабетика қауымдастығы президентінің айтуынша, 60 пайыз өлім-жітім қант диабеті салдарынан туындайтын дерттен болады екен.

«Қазақстанда бүгінгі күні қант диабетін емдеуде помпа терапиясы қолданылады. 5-15 жас аралығындағы барлық балалар осы емді алу мүмкіндігіне ие. Бұл терапия инновациялық құрылғы арқылы үздіксіз тері астына инсулин енгізуге мүмкіндік береді. Және ең бастысы, тұрақты мониторинг жасай аламыз», - деді ол.

«Қазіргі уақытта тек 5-15 жас аралығындағы балалар ғана емес, бес жасқа дейінгі және 15 жастан кейінгі балаларға осы емді қолдану жағы қарастырылуда. Мұнымен қатар бұл технология қант диабетімен ауыратын жүкті әйелдерге дені сау сәбиді дүниеге әкелуге де мүмкіндік береді», - деп толықтырды Жұбандықова.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!