ОҚО-да 95 жастағы қария некеге тұрды

Фотография - ОҚО-да 95 жастағы қария некеге тұрды

Әбдуәлі Жимбаев ақсақал жасы­ның ұлғайғанына қарамастан, өзінен 30 жасқа кіші Мавжуда Халматовамен көңіл қосып, неке суын ішіп, ресми тіркеуге тұрды.

234 0

Алғашында әбес көрген жұрт қарттың бұл әрекетін «жас кезінде бір бала болса, қартайғанда да бір бала» екендігіне көз жеткізді. Әрине, осындайда Мұхаңның «Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан...» деген жыры еске оралады.

Оңтүстікте 95 жастағы қарт некесін қи­дыр­ды. Әбдуәлі Жимбаев ақсақал жасы­ның ұлғайғанына қарамастан, өзінен 30 жасқа кіші Мавжуда Халматовамен көңіл қосып, неке суын ішіп, ресми тіркеуге тұрды. Бір ай бұрын Шымкент қалалық АХАЖ-ға өтініш берген «жас жұбайларға» жуырда неке қию туралы куәлік салтанатты түрде табыс етілді.

«Шынтуайтында, бұл ерлі-зайыптылар 20 жылдан бері бірге тұрады. Ортақ ұл-қыздары да бар. Неке қию рәсіміне күйеу жігіт сергек көңіл күйде келді. Тіркеу жур­на­лына қолды өзі қойды», – дейді АХАЖ бөлімінің маманы Ақбота Қарнақ­баева.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!