Қасына татуаж жасап, жарымжан болып қалған

Фотография - Қасына татуаж жасап, жарымжан болып қалған

Енді Светлана өзін соқыр қылған косметологты сотқа бермек.

309 0

Павлодарлық әйел қасына татуаж жасаймын деп қос жанарынан айырылды. 42 жастағы Светлана Ильина туған күні қарсаңында үйінде қабылдау жүргізетін косметологтың қызметіне жүгінген. Салдарынан дәл сол процедурадан кейін дәрігерлер оның екі көзінің алмасының күйіп кеткенін анықтайды

Енді Светлана өзін соқыр қылған косметологты сотқа бермек.

Екі жыл бұрын 40 жылдық мерейтойы қарсаңында қарлығаштың қанатындай қиылған қас жасатпақ болған Светлана Ильина, сірә туған күнін ауруханада өткізетінін білмесе керек. Әріптестерінің сөзіне сеніп, татуажды үйде жасайтын косметологқа барған. Қас, кейін қабаққа тату жасатқан әйел содан бері көзін аша алмайды.

Светлана Ильина, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Күнге қарай алмадым, көз алдымдағы нәрселердің бәрі бұлдырлап, көмескілене берді. Сумен шайып едік, түк шықпады. Қатты ауыра бастады.

Сол ауырғаннан басылған жоқ. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған Светлананы дәрігерлердің «қос жанарының алмасы күйіп кетті және көру мүшесі енді қалпына келмейді» деген сөзі тіпті есеңгіретіп тастады. Бұдан кейін ресейлік арналардың біріне жүгініп, мәскеулік медицина саласының профессорларынан кәсіби кеңес алыпты. Ал, сау кісіні соқыр қылған косметолог әйел бұған қатысым жоқ деп ат тонын ала қашты.

Қазір аталмыш дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтап тұр. Себебі нақты шешім қабылдау үшін Светлана Ильина емін аяқтауы тиіс. Тек соның нәтижесі бойынша көзінің неден зақымданғанын анықтауға болады. Қылмыстық іс бойынша күдікті саналатын косметолог Елена Фалина болса, бұрынғыдай жұмысын жалғастырып келеді. Светлана енді еміне кеткен шығынды есептеп, материалдық және моральдық шығынын содан өндіріп алмақшы.  


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!