Атырауда ұзындығы 3 метр, салмағы 300 келі балық ауланды

Фотография - Атырауда ұзындығы 3 метр, салмағы 300 келі балық ауланды

Атыраулық балықшылардың торына ұзындығы 3 метр, салмағы үш жүз келіге жуық қорытпа балығы түсті.

187 0

Атыраулық балықшылардың торына ұзындығы 3 метр, салмағы үш жүз келіге жуық қорытпа балығы түсті.

Бір кездері «балығы тайдай тула­ған» Жайықтан ауланған балықтар­дың ірілігі мен салмағына көз тоятын. Алайда соңғы жылдары ірі балықты көру, айға ұшуды армандағандай бо­лып қалғаны ақиқат.

Курилкин бекіре зауытына қарас­ты «Амангелді» өндірістік кооперати­ві балықшыларының құрған ау-торына түскен қорытпа биылғы жыл­дың алғашқы ірі салмақты ба­лығы болып шықты.

Зауыт директоры Ғилман Сәрсе­малиевтың айтуынша, биылғы жыл­дың үлкен олжасы қорытпа балықтың ішіндегі уылдырық мол болып шығуы ғажап емес. Қазіргі күні қорытпа ба­лықты еркін жүзе алатын бассейнге апарып, сол жерде уылдырығын алу жұмыстарына дайындық жүруде.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!