Тұрсынбек Қабатов полицей киімін кигені үшін жазаланған КВН-шіге қолдау білдірді

Фотография - Тұрсынбек Қабатов полицей киімін кигені үшін жазаланған КВН-шіге қолдау білдірді

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» отбасылық шоуының жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов «СССР» КВН тобының ойыншыларын қолдағандардың қатарынан табылды

355 0

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы кеш, Қазақстан!» отбасылық шоуының жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов «СССР» КВН тобының ойыншыларын қолдағандардың қатарынан табылды.

Танымал әзілкеш Алматыда полицей киімін киіп, полицейлердің көлігін мінгендері үшін ұсталған  әріптестеріне қалқан болмақшы. КВН-шілердің өздері айтқандай, тәртіп сақшыларының киімін олар алдағы Алматы ашық лигасының ойындарына арнап күлкілі ролик түсіру үшін киіпті. Олардың идеясы бойынша, бейнебаянда дәрігерлер, ұстаздар мен полицейлер Павел Воляның «Все будет офигенно» әнін орындауы тиіс болған.

Алайда оңтүстік астана полициясы бұл әзілді «бағаламай», КВН ойыншыларына 34 мың теңге көлемінде айыппұл салыпты.

Тұрсынбек Қабатов болған оқиғаға байланысты: «Меніңше, олар білместіктен рұқсат сұрамаған, және бірінші жолға оларды кешіруге болатын сияқты. Оның үстіне, олар полицей киімдерін біреуді алдау үшін емес, бейнебаян түсіру үшін киді ғой», - деді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!