Алматыда 43 базардың жұмысы тоқтады

Фотография - Алматыда 43 базардың жұмысы тоқтады

Алматыда 43 базардың жұмысы тоқтады, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Еркебұлан Әлімқұлов.

222 0

Алматыда 43 базардың жұмысы тоқтады, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Еркебұлан Әлімқұлов.

«2012 жылы қарашада тауарлық-материалдық құндылықтар мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының барлық базарларына тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша 77 лауазымды және заңды тұлға 1 млн 512 мың 830 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Е.Әлімқұлов.

Оның айтуынша, ауданаралық экономикалық сотқа «өртқауіпті» жағдайдағы нысандар мен үйжайлардың жұмысын тоқтату бойынша 52 талап-арыз жіберілді. Қазір сот департаменттің пайдасына аталған заңбұзушылықтар толық жойылмайынша 43 базардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

«7 базарда анықталған заңбұзушылықтар толығымен жойылды. Соттың қарауында талап-арыз бойынша тағы 2 материал жатыр», - деп атап өтті Е.Әлімқұлов. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!