Мәжілісмендер Кентау қаласы сайлаушыларымен кездесті

Фотография - Мәжілісмендер Кентау қаласы сайлаушыларымен кездесті

деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі 

207 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Ұласбек Сәдібеков пен Сәкен Жылқайдаров Кентау қаласында іс-сапармен болып Кентау жылу орталығы жұмысымен танысып, еңбек ұжымымен кездесу жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мәжілісмендер Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен Парламент Мәжілісінде есептік мерзім ішінде атқарылған жұмыстар жайынан сайлаушыларын хабардар етті.

  Еңбек ұжымындағы кездесуден соң мәжілісмендер Республикалық шағын қалаларды дамыту бағдарламасының Кентау қаласында орындалуы барысымен танысып, қала аумағында бірқатар әлеуметтік мекемелер жұмыстарымен танысып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

         Мәжілісмендер Кентау қаласы аумағындағы өзекті мәселеге айналып отырған апатты жағдайдағы 6 тұрғын үйдің  жағдайымен танысып, апатты жағдайдың орын алған себептері бойынша жер асты су мамандарымен жолығып, мәселені оңтайлы шешудің жолдарын бірлесіп қарастырды.

         Мәжілісмендердің Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!