Астанада салмағы тоннаға жуық қой етін өртеп жіберді

Фотография - Астанада салмағы тоннаға жуық қой етін өртеп жіберді

Астанада жалпы салмағы тоннаға жуықтайтын сапасы күмәнді қой еті жойылды

777 0

Астанада жалпы салмағы тоннаға жуықтайтын сапасы күмәнді қой еті жойылды, деп хабарлайды КТК.

Тауар кезекті рейд кезінде елорданың өткізу бекеттерінің бірінде тәркіленген. Сапасы күмән туғызатын, тиісті құжаттары жоқ қой еті Оңтүстік Қазақстан облысынан келе жатқан автобусқа тиелген көрінеді.

Сұрастыра келе мамандар қойлардың Таразда сойылғанын анықтапты. Ал Жамбыл облысында қазірде карантин жарияланғаны белгілі. Аусыл және топалаң ауруларының таралуы қауіпі төнгендіктен бұл өңірден ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған.

Бірақ мамандар жүктің иесін таппапты. Тәркіленген ет алдымен ұнтақтағыштан өткізіліп, сосын өртелген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!