Коммуналдық тарифтерге қарсы рұқсатсыз митинг ұйымдастырылады

Фотография - Коммуналдық тарифтерге қарсы рұқсатсыз митинг ұйымдастырылады

Қараша халыққа шаншудай қадалып отырған жаппай қымбаттаушылықты үш елдің одақтастығынан көретін желтоқсан ардагерлері бүгін биліктен кедендік одақтан шығуды талап етті.

128 0

Қараша халыққа шаншудай қадалып отырған жаппай қымбаттаушылықты үш елдің одақтастығынан көретін желтоқсан ардагерлері бүгін биліктен кедендік одақтан шығуды талап етті.

Айтуларынша, о баста құрылған экономикалық одақ бүгінде саяси одаққа айналып бара жатыр. Халық болып жұдырық болмасақ, егемендіктен айырыламыз деп дабыл қағып отыр.

Кедендік одақтан шығуды талап етіп жүргендердің қатарына енді желтоқсандықтар да қосылды. Айтуларынша, елдегі  бензин құнының көтерілуі,  азық-түліктің жаппай қымбаттауы-кедендік одақтың кесірі. Отандық кәсіпкерлердің қолын байлаған да кедендік одақ. Қазір тек Ресей кәсіпкерлерінің ғана тасы өрге домалауда. Өйткені, біздің орта және шағын кәсіп бәсекеге қабілетсіз.

НҮКЕН БИСЕНҒАЗЫ, "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Біздің кәсіпкерлеріміз айткан. Бұл бізге тиімсіз екенін. Неге десең 160 млн. халқы бар Ресеймен 16 млн. халқы бар қазақстан ешқашан бәсекелеске түсе алмайды.

Қазақстан ұтылып қана жатыр деген наразы топ, одақтастық тек Ресейге тағы бір әлемдік ықпал ету полюсіне айналуға мүмкіндік беруде. Ал,бұл дегеніңіз баяғы орыс империясының боданына қайта айналу деп есептейді.

ЖҰМАБЕК АШУЕВ, "Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар" қауымдастығының төрағасы:

- Біз егер бүгін бұған қарсы шыға алмайтын болсақ,ертең шынымен тәуелсіздігімізден айырылып қаламыз.

Айтулырынша,екі елмен бірігіп тауар айналымын кеңейтеміз дедік. Бірақ кесапаты көп одақтың халықтың қалтасын қағудан басқа берген пайдасы болмады. Бірақ  елді одақтан қайтіп оңашалап алудың жолына келгенде, ызғар да ықтыра алмаған желтоқсандықтардың пікірі екіге жарылды.

"Хат жолдап, дөңгелек үстел өткізгеннен ештеңе өзгермейді" деген желтоқсаншы Әділхан Халелхан бірінші мамырда алматылықтарды тағы да митингке алып шығамын деп отыр. Бір ай бұрын ғана қымбатшылыққа қарсы рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін айыппұл төлеп әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бірақ, бейбіт шеру өткізуге  рұқсатты бұл жолы да сұрамаймын деп отыр.

ӘДІЛХАН ХАЛЕЛХАН,  желтоқсан күрескері:

- Неге рұқсат сураймыз. Олар бізден светті, газды жылуды қымбаттатқанда рұқсат сұрап па? Жерімізді, кенімізді сатқанда рұқсат сұрап па? Біз неменеге рұқсат сұрауымыз керек?!

Алдымен биліктегілердің не дейтінін күтеміз деген желтоқсандықтар, ашық хаттың бір данасын елбасына,үкіметке, парламентке жіберді.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!