Бейнеу - Шалқар теміржолының құрылысы жыл соңында аяқталады

Фотография - Бейнеу - Шалқар теміржолының құрылысы жыл соңында аяқталады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Михаил Бортник және Бақтыбай Шелпеков аймақтарға дәстүрлі сапар аясында Бейнеу - Шалқар бағыты бойынша салынып жатқан 507 шақырымдық теміржол тармағының құрылысында болды

174 0

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Михаил Бортник және Бақтыбай Шелпеков аймақтарға дәстүрлі сапар аясында Бейнеу - Шалқар бағыты бойынша салынып жатқан 507 шақырымдық теміржол тармағының құрылысында болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Теміржол жөндеу СМП - Бейнеу» акционерлік қоғамы мердігер компаниясының жетекшісі Нұржан Оңғарбаев басталған құрылыстың барысы туралы парламентшілерді хабардар етті. Жұмысқа жергілікті тұрғындармен қатар басқа өңірлерден келген жұмысшылар да қатысуда. Қазіргі кезде топырақ дайындау жұмыстары жүргізілуде. Онымен қатар Тұрыш стансасына дейінгі 110 киловольттық электр желісі салынуда. Орнатылған электр желісі мұнараларының жалпы ұзындығы 20 шақырымға жетті. Жұмысшыларға қолайлы болу үшін құрылыс жүріп жатқан жерлерде қалашықтар салынды. Бүгінде Бейнеу - Шалқар теміржолы бөлігінің құрылысында 16 субмердігер ұйымы жұмыс істейді. Қазіргі кезде топырақ үю арқылы жол биіктетіліп, шпал құрамалары қойылуда. Құрылысы жүріп жатқан Бейнеу - Шалқар теміржолының ұзындығы 125 шақырымды құрайды. Нысанда барлығы 573 адам жұмыс істейді, олардың 320-сы жергілікті тұрғындар. Бұл нысандағы құрылыс жұмыстары 2012 жылғы тамыздан басталған болатын. Басталған құрылыстың көлемін биылғы жылдың соңында аяқтау көзделіп отыр.

Сенаторлар Бейнеу ауылындағы нысандарды аралау барысында құрылыстың барысымен танысумен қатар, теміржол құрылысының жағдайы және жұмысшылардың әлеуметтік ахуалынан да хабардар болды. Бейнеу - Шалқар теміржолының құрылысын салып жатқан мердігер ұйымдардың жұмысшылары еңбекақысына да, лайықты жұмыс жағдайына да ризалықтарын жеткізді.

Депутаттар сондай-ақ салынып жатқан 624 орындық мектеп құрылысының жұмысымен танысып, жаңа балабақшада болды, сондай-ақ тұрғындарға жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, әлеуметтік қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, еңбекке тарту бағдарламасын іске асыру, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру туралы әңгімеледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!