Астанада жылу энергиясын тиімді пайдалану жайы талқыланады

Фотография - Астанада жылу энергиясын тиімді пайдалану жайы талқыланады

Қазақстанның кейбір қалаларында жалпы жылу жүйесі мен ыстық суды пайдалану  50-60 пайызға артық шығып, ғимараттардағы жылуды пайдалану Еуропа елдерімен салыстырғанда 2-3 есе көп орын алады

248 0

Қазақстанның кейбір қалаларында жалпы жылу жүйесі мен ыстық суды пайдалану  50-60 пайызға артық шығып, ғимараттардағы жылуды пайдалану Еуропа елдерімен салыстырғанда 2-3 есе көп орын алады. Осы және Қазақстан Республикасындағы электр энергиясын тиімсіз пайдалану жайы елордада 19 сәуірде өтетін «Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру  «жасыл» экономикаға қосылған үлес» баспасөз мәслихаты барысында талқыланады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты БҰҰ ДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орын алып отырған жағдайлардың басты себебі, көп жағдайда коммуналдық инфрақұрылымдардың ескіріп, тозуы 65-75 пайызға дейін жетуінен әрі жылу энергиясын тиімді пайдаланбаудан болып отыр.

«Сарапшылардың пікірінше, коммуналдық жылумен жабдықтау энергия тиімділігін көтеруге бағытталған инвестиция көлемі жаңа қуаттағы құрылыс салғаннан анағұрлым аз болатын көрінеді.  Энергия тиімділігін  сақтау елдің энергия қауіпсіздігінің бір компоненті ғана болып табылмайды, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «жасыл» экономикаға қосылған үлес болып есептелінеді», - делінген хабарламада.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!