Астана вокзалындағы «шайтани белгілер» алынып тасталды

Фотография - Астана вокзалындағы «шайтани белгілер» алынып тасталды

Астана вокзалында екінші қабаттың бағандарына жабыстырылған қорқынышты белгілер туралы әлеуметтік желілерде көп айтылуда.

221 0

Астана вокзалында екінші қабаттың бағандарына жабыстырылған қорқынышты белгілер туралы әлеуметтік желілерде көп айтылуда.

«Бұл - шайтани белгі» деп шулаған жұрт вокзал әкімшілігінің әлгі түсініксіз белгілерді алып тастауын талап еткен. Мәселенің мәнісін білу үшін вокзал басшылығымен кездесуге тура келді», - деп жазады басылым.

Шынында, жолаушыларға арналған залдың екінші қабатындағы бірнеше бағанға небір түсініксіз суреттер жапсырылған. Анықтап қараған адам бұл белгілердің не мағына беретінін білмейді. Себебі, алты және сегіз бұрышты суреттердің ішінде не аңға, не адамға ұқсамайтын таңбалар салынған. Бір қарағаннан-ақ үйлесімсіз жабыстырылған бейнелер архитектуралық талаптарға сәйкес келмейді.

Вокзал қызметкерлерінің айтуынша, бұл суреттер 2003 жылдан бері тұр. Алайда, соңғы уақытта халық тарапынан осы белгілерге қатысты келіспеушіліктер көп айтылуда. Сондықтан жолаушылар залындағы түсініксіз белгілерді «Вокзал-сервис» АҚ басшылығына да көрсету қажет деп шешілді.  Солтүстік аймақ филиалының бастығы Абай Сәбитұлына адамға үрей туғызатын бұл суреттер туралы халықтың және ғалымдардың білдірген пікірі жеткізілді.

«Жөн білетін азамат екен. Екі күннен кейін әлгі белгілер түгел алынып тасталды. Астаналықтардың ашуын келтірген қорқынышты белгілер «құрыды», - деп жазады «Астана ақшамы».


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!