Ата жұртын аңсаған қазақ

Фотография - Ата жұртын аңсаған қазақ

Бауырларымыздың хал-ахуалын білу үшін ҚР Парламенті депутаттары Атырау облысымен шекаралас аймаққа арнайы барып қайтқан болатын.

280 0

Ресей Федерациясының Астрахан облысында 150 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Олардың барлығы да Еділ бойының байырғы тұрғындары. Бауырларымыздың хал-ахуалын білу үшін ҚР Парламенті депутаттары Атырау облысымен шекаралас аймаққа арнайы барып қайтқан болатын.

Ежелден ауылы аралас, қойы қоралас Еділ мен Жайықты жағалай қонған жұртшылықтың арасындағы байланыс үзіліп көрмеген. Астрахань халқының 38 пайызын қазақтар құрайды. Мәселен Красный Яр ауданына қарасты Бәйбек ауылын түгелімен қандастарымыз мекен етеді. Қазақ мектебі мен мәдениет үйі де бар. Ата жұрттан барған делегация өкілдері қазақ тіліндегі әдебиеттерді көптеп алып барды.

Гүлнәр МҰРАТӘЛИЕВА, Красный яр ауданының тұрғыны:

- Ауыл қазақ. Кітапханадан балалар да қазақша оқиды. Сондықтан біз көршілес Атырау облысынан кітаптар әкелеміз. Біз сондай қуаныштымыз. Осы кітаптарды ауылдың тұрғындарына ұсынамыз.

Заманында хандарымыздың ордасы тігілген Красный Яр, Володар аудандары ата тарихымызды танытатын жәдігерлерге толы. Бөкей хан, бойына қасиет дарыған тәуіп Сейіт баба мен Құрманғазы атамызға да топырақ осы мекеннен бұйырған. Өткен жылы ғана екі ел Президенттерінің келісімен Бөкейханның басына алып мазар тұрғызылған болатын. Ал Алтынжар ауылындағы күй атасы Құрманғазы атындағы мәдени орталық Ресейдегі қандастарымыздың бас қосар қасиетті мекеніне айналған. Сонымен бірге өзара экономикалық алыс-беріс те кедендік одақ жұмысын бастағалы жаңа белеске көтерілді.

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- ҚР Президентінің халыққа Жолдауында болашақта біз дамыған 30 елдің қатарына қосыла отырып, әрі қарай да өзіміздің өнімдерімізді экспортқа шығаруға тиістіміз. Бүгінгі күні бұл байланыс орта кәсіпкерлік шағын бизнес, шаруа қожалықтарымен бірлесе отырып, екі ел арасындағы барыс келіс, экономикалық байланыстар одан әрі өркендейді деп есептейміз.

Қазірдің өзінде бөлшек сауданы қоспағанда Астраханның 60-тан астам компаниясы қазақстандық әріптестерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Олар негізінен – кеме құрастыру, құрылыс саласы. Алға қарай ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуде де біздің мамандар ресейліктердің мол тәжірибесін кәдеге жаратпақ.

 


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!