Алматы облысындағы саентологтардың құпия ғұрыптары әшкере болды

Фотография - Алматы облысындағы саентологтардың құпия ғұрыптары әшкере болды

Алматы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жасырын камера арқылы саентологтардың құпия ғұрыптарын әшкерелеп берді.

191 0

Алматы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жасырын камера арқылы саентологтардың құпия ғұрыптарын әшкерелеп берді.

Аталмыш бейне саентологтардың жергілікті шіркеу басшыларының үстінен қозғалған қылмыстық істі тексеру-тергеу аясында 2012 жылдың ақпан айында түсірілген. Құқыққорғау органы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, саентологтар ғұрпына қатысқандардың арасында Алматы облысындағы ауылдық жердің әлдебір әкімі де жүр. Құзырлы орган оның аты-жөнін құпия ұстап отыр. Әкім кейбіреулер секілді памперс киіп алған. Жиналғандар оғаш қимылмен би билеп жүр. Олардың киімдері де ала-құла. Әлдебір ер адам періште боп киінген екен. Соңында кейбіреулері тізерлей отырып, бір-бірімен құшақтасып, «көрісіп» жатты.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, саентологтардың ғұрпына қатысқан әкім жәбірленуші адам ретінде жауап береді. Ал әкімнің өзі не істеп, не қойып жүргенін білмейтін болып шықты.

Осыдан біраз уақыт бұрын Рон Хаббардтың бітіспес қарсыластары болып табылатын «Перспектива» қоры белсенділерінің айтуынша, алматылық саентологтар өздерінің қозғалысын халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен еш кедергісіз тіркетіп алғанға ұқсайды. Қазақстан аумағында саентологтардың қызметіне тыйым салынғанын айта кету керек. Алайда, олар заңмен тыйым салынғанына қарамастан қызметін жалғастырып келген.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!