Бүгін - Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні

Фотография - Бүгін - Қазақстанда ұлттық ғашықтар күні

2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді.

271 0

2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді.

Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі.

Сөйтіп, олар елімізде ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мерекеге бастамашы болды. Енді оны ұлттық дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, әрі қарай жалғастыру қоғамның, әсіресе, жастар қоғамының міндеті. Қазақстанда «Еңлік-Кебек», «Қыз Жібек» сияқты түрлі ғашықтардың атымен аталатын махаббат мерекесін тойлау туралы ұсыныс айтылып та, жазылып та жүр. Іс жүзінде олардың ешқайсысы 14 ақпан күнгі «Әулие Валентин» сияқты кең дәрежеде аталып өткен емес. Бірақ ұлттық мерекенің қоғамға сіңіп кететіне сенетін адамдар көбейіп келеді.

13-14 ғасырлардағы "Қозы көрпеш Баян сұлу" эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды. Осы эпос бойынша кинофильм түсірілген, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің осы аттас пьесасы бар. 


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!