Алматыда қала басшысының қатысуымен веломаусым ашылды

Фотография - Алматыда қала басшысының қатысуымен веломаусым ашылды

Жексенбі, 14 сәуір күні Алматыда веломаусымның ашылуына 1300-ден астам адам қатысты.

186 0

Жексенбі, 14 сәуір күні Алматыда веломаусымның ашылуына 1300-ден астам адам қатысты.

Олардың арасында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, атақты альпинист Мақсұт Жұмаев, кәсіби велошабандоздар және тағы басқалары бар.

Қала әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталмыш шараға қатысуға ниет білдіргендердің қатары жыл санап көбейіп келеді. Веложарыстар өткізілгелі бері қалада сатылған велосипедтердің саны да алты есе арта түсті.

«Біз Алматыда өзге дамыған қалаларда іспетті веломәдениетті енгізу мақсатында осындай шара өткізуді ұйғардық. Меніңше, біртіндеп межеленген міндет бағындырылуда. Биыл тұңғыш рет веложарыс маусымына қатысушылардың саны рекордқа жетіп отыр. Күзде Қазақстандағы және Орталық Азия аймағындағы алғашқы кәсіби веложарысты өткізуді жоспарлаудамыз», –  деп атап өтті А. Есімов.

Биылғы маусымдағы алғашқы веложарыс әл-Фараби даңғылы бойынша Тәттімбет көшесінен Тұңғыш Президенттің саябағына дейін  ұласты. Дәстүр бойынша шараға қатысушыларға сыйлықтар және естелік кәдесыйлар тарту етіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!